Жақсылық Омар мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алмайды

Сағыныш Сардарова 06 сәу. 2026 11:09

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот үкіміне түсінік берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство дерегіне сәйкес оның әрекеті сыбайлас жемқорлық санатына жатады. Іс қысқартылған тәртіппен қаралғанын ескерген айыптау тарапы заңдағы ең қатаң жазаны сұраған.

Прокуратура өкілі қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сай сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарға рақымшылық пен шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайтынын айтты.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Жақсылық Омарға ірі көлемде алаяқтық жасады және пара алды деген айып тағылған. 3 сәуірде сот шешімі жарияланып, ол кінәлі деп танылды. Оның мүлкі тәркіленіп, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove