Алматы қаласында әл-Фараби даңғылы мен Мендікулов көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға бүгін таңғы сағат 5:46 шамасында тіркелген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai көлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, оңға бұрылатын съезде бөлгіш тірекке соғылған.
Салдарынан жүргізуші мен жолаушы зардап шекті. Екеуіне де медициналық көмек көрсетілген.
Оқиғаның мән-жайын Алматы қаласы Медеу аудандық полициясы анықтап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін қайғылы оқиға 21 наурызда Алматыда әл-Фараби даңғылында болған еді. Жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды.
