Жер сілкінісі туралы хабарлама Ақтау тұрғындарын қорқытып қойды

Сағыныш Сардарова 06 сәу. 2026 10:18

Желіде алдағы уақытта Ақтауда жер сілкінісі болады деген ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өңірдің Қоғамдық коммуникация орталығы мәлімдеме жасап, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін жеткізді.

"Мониторинг барысында TikTok желісінде "Ақтауда жер сілкінісі болады" деген видео анықталды. Алайда бұл мәлімет ресми түрде расталмаған және шындыққа жанаспайды", - деп жазылған хабарламада.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері де бұл жалған ақпарат екенін, тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ екенін айтты.

"Мұндай ақпарат халықты үрейлендіріп, қоғамда негізсіз дүрбелең туғызады және жалған ақпарат тарату", - деді ТЖД өкілдері.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove