Астанада бес қабатты үй өртке оранды

Қаракөз Амантай 24 сәу. 2026 09:46

Астанада Сарайшық ауданы Бөлекпаев көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, бұл өрт жоғары деңгейдегі күрделі шақырту ретінде тіркелген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше ғимарат ішін қою қара түтін басқан.

Құтқарушылар дереу барлау жұмыстарын жүргізген.

Алдын ала мәлімет бойынша, 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимараттан шамамен 150 адам өз беттерінше сыртқа шыққан.

Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Мамандар өртті сөндіру және үй ішін толық тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove