Жангелдиндегі бүтін бір отбасының өлімі: тың деректер шықты

Сағыныш Сардарова 24 сәу. 2026 11:15

Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасы мүшелеріне қатысты қылмыс алты ай аралықпен жасалғаны анықталған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тергеу дерегіне қарағанда, Наурыз мамырда қайтыс болған. Ал отбасының қалған мүшелері қарашада көз жұмған.

"Күдікті (күйеу балалары - еск.) сот-психиатриялық сараптамадан өтіп, ақыл-есі дұрыс деп танылды. Ол өз әрекеті үшін толық жауап бере алады", - деп жазылған мәліметте.

Прокуратура өкілдері қылмысқа басқа адамдардың қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Қазір бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 2025 жылы желтоқсанда полицияға Атырау облысы Жангелдин ауылында 66 жастағы ер адам, 64 жастағы әйел, сондай-ақ, олардың балалары - 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызы хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түскен.

Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуі де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды. Кейін төртеуі де өлі табылды. Бұл іс бойынша күйеу балалары - күдікті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove