Әскерге барудан жалтарғандарға шектеу енгізілуі мүмкін

Самал Асқар 24 сәу. 2026 13:19

Қазақстанда әскерге шақыру жүйесін реформалау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Dala News.

Қорғаныс министрі Даурен Қосанов төрағалық еткен кеңесте әскерге шақырудан жалтарумен күресті күшейту жолдары талқыланды. Жиынға әділет, экономика, денсаулық сақтау және цифрлық даму салаларының өкілдері қатысты.

Негізгі бастамалардың бірі – шақырту қағаздарын жүйелі түрде елемейтін азаматтарға уақытша шектеу шараларын енгізу. Сонымен қатар Бірыңғай шақыру реестрін іске қосу ұсынылды.

Жаңа жүйеге сәйкес, шақыру хабарламалары толықтай цифрлық форматқа көшіріледі. Бұл әскерге шақырылушылардың мәртебесін жедел бақылауға және мемлекеттік органдар арасындағы деректер алмасуды жақсартуға мүмкіндік береді.

Қорғаныс министрлігінде мұндай өзгерістер процестің ашықтығын арттырып, бақылауды күшейтеді деп есептейді.

Сондай-ақ жиында мерзімді әскери қызметке қызығушылықты арттыру мәселесі қаралды. Ұсыныстар қатарында төлемдерді көбейту және әлеуметтік кепілдіктерді қайта қарау бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove