Қазақстанда бірқатар адамға рақымшылық жасалады: Бектенов амнистияны дайындау уақытын белгіледі

Сағыныш Сардарова 18 нау. 2026 11:58

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Президент жаңа Конституция қабылдануына байланысты азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жасау туралы бастама көтергенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Кеше Президент жаңа Конституция қабылдануына байланысты азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жасау туралы бастама көтерді. Әкімшілік істер бойынша рақымшылық туралы бастама ел тарихында алғаш рет көтеріліп отыр. Ішкі істер және Әділет министрліктері Бас прокуратурамен бірлесіп, екі апта ішінде рақымшылық жасау тетіктері бойынша ұсыныс енгізсін", - деді премьер-министр.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасалатынын жариялады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove