Футбол алаңы төбелес алаңына айналды: екі ойыншы ауруханаға түсті

Самал Асқар 10 нау. 2026 14:17

Шымкентте жастар командалары арасындағы футбол матчы төбелеспен аяқталды. «Ордабасы» мен «Ақтөбе» клубтарының жас ойыншылары алаңда жанжал шығарып, соңы жаппай қақтығысқа ұласқан, деп хабарлайды Dala news.

Козачков телеграмм каналының мәліметіне сәйкес, ойын барысында футболшылар доп тебудің орнына бір-біріне қол көтеріп, жаппай төбелес бастаған. Оқиға салдарынан «Ақтөбе» командасының екі ойыншысы ауруханаға жеткізілді.

Олардың біріне ауыр жарақат салдарынан операция қажет екені хабарланды. Дәрігерлердің мәліметінше, футболшылардың бірінің жақ сүйегі сынған.

Матчтың нақты нәтижесі әзірге жарияланған жоқ.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында жанжалдың басталуына себеп болған «Ордабасы» командасының капитаны анықталып, ол қамауға алынған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove