Шымкентте өткен футбол матчі төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Шымкент Полиция департаменті жағдайға пікір білдірді.
"Жолдастық футбол матчі кезінде екі команданың қатысушылары арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқан. Оқиға салдарынан қатысушылардың бірі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бұзақылық дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық қатысушысы полиция бөліміне жеткізілді. Тексеріс барысында жанжал басталуына "Ордабасы" командасының капитаны себепкер болғаны анықталып, қамауға алынды", - деді полиция.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған кешенді тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін "Ордабасы" мен "Ақтөбе" клубтарының жас ойыншылары алаңда жанжал шығарып, соңы жаппай қақтығысқа ұласқаны хабарланды.
