Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты резонансты іс бойынша сот процесі жүріп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тергеу нұсқасына сәйкес, ерлі-зайыптылар әлеуметтік желідегі парақшаларын пайдаланып, адамдарды ақылы өнімдер мен түрлі ұтыс ойындарына тартқан.
Бүгін мемлекеттік айыптаушы Жанәбілов пен Төлегенованың әрқайсына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Сондай-ақ прокурорлар соттан Ерболат Жанәбіловті қамауға алуды, ал оның жұбайына елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды сұрады.
Еске салайық, бұған дейінгі сот процесінде Жанәбілов пен Төлегенова кінәсін жартылай мойындаған болатын.
