Трамп Иранға тағы бірнеше күндік бітім ұсынуға дайын - дереккөз

Сағыныш Сардарова 22 сәу. 2026 17:18

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы атысты тоқтату режимін тағы бірнеше күнге ұзартуға дайын. Бұл туралы дереккөздер жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Олардың бірінің айтуынша, Вашингтон Тегеранға қосымша 3-5 күн уақыт беруге ниетті. Алайда бұл мерзім ұзаққа созылмайды. АҚШ тарапы осы қысқа уақыт ішінде Иран билігі нақты әрі түсінікті ұсыныс ұсынады деп күтіп отыр.

Ал Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Багаи Тегеранның АҚШ-пен жаңа келіссөздер кезеңіне қатысу-қатыспауы әзірге шешілмегенін айтты. Оның сөзінше, Вашингтонның әрекеті бірізді емес, ұстанымы жиі өзгеріп отырады, бұл дипломатиялық үдерісті әлсіретіп отыр.

Иран тарапы келіссөздерге қатысты шешім елдің ұлттық мүддесін ескере отырып кейінірек қабылданатынын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Трамп Иранмен арадағы тыныштық келісімінің уақытын ұзартқанын жаздық. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove