Шығыс Қазақстан облысында болған өрттен ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Dala News.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Черняховский көшесінде болған. Өртті сөндіру барысында үй ішінен 1970 жылы туған ер адамның мәйіті табылған.
Өрт 44 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
