Қазақстанда жол құрылысына бөлінген бюджет қаражатының бір бөлігі тиімсіз жұмсалғаны анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, бұл салада жүздеген миллиард теңгеге қатысты күмән тудыратын деректер тіркелген.
Тексеру нәтижесінде:
- бірқатар жобалар бойынша сметалық құн негізсіз 11 млрд теңгеге арттырылған;
- 362 ескірген жобалық-сметалық құжат анықталып, оларды әзірлеуге 23 млрд теңге тиімсіз жұмсалған;
- жалпы құны 27 млрд теңгені құрайтын 324 нысан мемлекеттік сараптамадан өтпеген.
Сонымен қатар, 70 компания жұмыс тәжірибесіне қатысты жалған мәлімет ұсынып, жалпы сомасы 408 млрд теңгенің келісімшарттарына қол жеткізгені белгілі болды. Бұл жағдай жол құрылысы саласында бақылау жүйесінің әлсіз екенін көрсетеді.
