Мектепте Наурыз мейрамында дастархан жаюға тыйым салынды
Көркем Алдабергенова18 нау. 2026 11:15
Қазақстан мектептері мен балабақшаларында Наурыз мерекесіне орай дастарқан жаюға және ұлттық тағамдар әкелуге тыйым салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл шектеу балалардың денсаулығын сақтау мақсатында енгізілген. Білім беру органдары тағамның сапасы мен оның қалай сақталғанын толық бақылау мүмкін емес екенін, сондықтан улану қаупі барын түсіндірді.
Енді мектептер мен балабақшаларда тек мәдени-танымдық іс-шаралар өтеді. Атап айтқанда, көрмелер, концерттер және спорттық жарыстар ұйымдастырылады. 31 арнаның мәліметінше, ата-аналар бұл өзгерісті қолдаған.