Полицияның мәліметінше, ол 11 наурыз күні ауыр жағдайда Орал қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілген. 16 наурызда есін жимастан қайтыс болған. Дәрігерлер бауырдың токсикалық зақымдануы, бауыр некрозы және қант диабеті диагноздарын қойған.
Бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін өңірде шенеунік кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікке ілінген еді. Оқиға 3 қаңтарда болған. Жәбірленуші тараптың айтуынша, 57 жастағы ер адам қызды алдап үйіне кіргізіп, күш көрсеткен. Кейін полицияға арыз түсіп, күдікті ұсталған.
