Қазақстандық шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев шаңырақ көтерді

Қаракөз Амантай 24 сәу. 2026 10:00

Қазақстандық шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев өміріндегі маңызды сәтті өзгеше форматта атап өтті. Ол салтанатты неке қию рәсімін мұз үстінде өткізіп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Танымал спортшының таңдауы Дильназ есімді журналист аруға түскен.

Бұл маңызды оқиға оның 2026 жылғы Олимпиададан кейінгі кезеңімен тұспа-тұс келді. Айта кетейік, Әжіғалиев бұл додаға төрт рет қатысқан тәжірибелі спортшы.

Италиядағы жарыстан кейін спортшының болашағына қатысты сұрақтар жиілеген еді. Дегенмен Әжіғалиев мансабын жалғастыру мәселесі бойынша әлі нақты шешім қабылдамағанын айтты.

Еске салайық, ол екі рет Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының туын ұстады. Сондай-ақ 2016 жылы шорт-тректен әлем кубогында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық спортшы ретінде тарихқа енген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove