Алматыда жылу шығыны 70%-ға дейін жетуі мүмкін

Самал Асқар 27 февр. 2026 19:45

Алматыда жылыту маусымында кей тұрғындар батареялар ыстық болғанымен, пәтер ішіндегі температураның жайлы деңгейге жетпейтінін айтып шағымданады, деп хабарлайды Dala news. 
 
Бұл жағдайдың негізгі себептерінің бірі – ғимараттардағы жылу шығыны.
 
«Алматинские тепловые сети» ЖШС мамандарының мәліметінше, жылу бейнелеу (тепловизиялық) тексерулер нәтижесінде типтік үйлерде жылу энергиясының 60–70%-ға дейінгі бөлігі қабырғалар, шатыр, терезе ойықтары мен панельаралық тігістер арқылы жоғалуы мүмкін. Әсіресе жылу оқшаулауы жеткіліксіз үйлерде мұндай мәселе жиі кездеседі.
 
Мұндай жағдайда жылу тасымалдағыштың температурасын көтеру әрдайым пәтер ішіндегі ауаның жылынуына әсер ете бермейді.
 
Мамандар артық жылу шығынының негізгі белгілерін атап өтті:
•сыртқы қабырғалар мен бұрыштардың салқындығы;
•терезе мен еңістерде конденсаттың жиналуы;
•ылғал мен зеңнің пайда болуы;
•ұқсас, бірақ жылу оқшаулауы бар үйлермен салыстырғанда жылыту шығындарының жоғары болуы.
 
Компания түсіндіргендей, жылу ғимараттан бірнеше жолмен шығады:
жылу өткізгіштік арқылы (қабырға, терезе, шатыр, еден),
конвекция арқылы (суық беттер маңындағы ауаның айналымы),
сондай-ақ жылулық сәулелену арқылы.
 
Жылу шығынын азайту шараларын жылыту маусымынан тыс кезеңде жүргізген тиімді. Оған қасбетті және шатыр аралық жабындарды оқшаулау, панельаралық тігістерді герметизациялау, энергия үнемдейтін терезелер орнату және кіреберістерді тығыздау жатады.
 
Кешенді жұмыстар ғимараттың энергия тиімділігін арттырып, жылу шығынын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Тұрғындарға үйдің техникалық жағдайын бағалау және қажетті шараларды жоспарлау үшін басқарушы компанияларға, КСК немесе ОСИ-ге жүгіну ұсынылады.

Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove