Мемлекеттік сыйақыны шоттарға аударуға байланысты бірқатар банк қызметтері уақытша қолжетімсіз болады, деп хабарлайды Dala news.
Банк мәліметінше, 27 ақпан сағат 18:00-ден 2 наурыз сағат 09:00-ге дейін келесі қызметтер тоқтатылады:
•шоттар мен депозиттерді ашу және толықтыру, сондай-ақ банк бөлімшелері, агенттік желі, видеобанкинг, мобильді қосымша, интернет-банкинг және Baspana Market порталы арқылы біліктіліктен өту;
•серіктес банктер арқылы несие төлемдерін қабылдау және депозит жарналарын енгізу;
•мобильді қосымшадағы автотөлемдер.
Банк клиенттерге қаржылық операцияларын алдын ала жоспарлап, қажетті төлемдерді уақытылы жүргізуді ұсынды.
Сондай-ақ 28 ақпан күні банк филиалдары мен бөлімшелері үшін жұмыс күні емес екені хабарланды.
