Салық органдары пәтер сату кезіндегі жаңа талаптарды еске салды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті жылжымайтын мүлікті сату барысында жеке табыс салығын төлеу тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлады.
Жаңа ережеге сәйкеc мүлікті сату кезінде құн өсіміне салық төлемеу үшін пәтерді сатып алғаннан кейін кемінде екі жыл күту қажет. Бұған дейін бұл мерзім бір жыл болған.
Сатып алу және сату бағасының айырмасы 36 миллион теңгеден аспаса, табысқа 10 пайыз салық салынады. Ал бұл сомадан асқан жағдайда салық мөлшерлемесі 15 пайыз болады.
