Мыңдаған қазақстандықтың ЖСН-інде ақау шықты: министрлік себебін түсіндірді

Қаракөз Амантай 27 февр. 2026 15:51

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова скринингтерге қатысты есептерде кеткен қателердің себебін түсіндірді. Оның айтуынша, мәселе мыңдаған қазақстандықтың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) деректеріндегі техникалық сәйкессіздіктерден туындаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің түсіндіруінше,кейбір азаматтардың жынысы жүйеде қате кодталған. Соның кесірінен есептерде ерлер мен әйелдер бойынша статистика бұрмаланып көрінген.

Министрдің сөзінше, медициналық қызметтердің өзі дұрыс көрсетілген, яғни скринингтер шын мәнінде жүргізілген. Қазір бұл олқылықтар Ішкі істер министрлігі мен Қаржы министрлігімен бірге тексеріліп, түзету жұмыстары жүріп жатыр. Ведомство мұндай қателерді алдағы уақытта болдырмау үшін жүйені жетілдіру шаралары қабылданатынын мәлімдеді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove