Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Иран Ислам Республикасының айналасындағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты азаматтарға арнайы ұсыным жариялады, деп хабарлайды Dala news.
СІМ мәліметінше, қазақстандықтарға жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тарту ұсынылады. Ал қазір Иран аумағында жүрген азаматтарға елден кету, қауіпсіздік шараларын күшейту, сақтық таныту, жаңалықтарды қадағалау және жергілікті билік нұсқауларын қатаң сақтау жөнінде кеңес берілді.
Министрлік сондай-ақ Таяу Шығыс елдеріне сапар жоспарлау кезінде өңірдегі жағдайдың күрт ушығу ықтималдығын ескеруге шақырды.
Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Қосымша және жедел ақпарат алу үшін келесі байланыс нөмірлері жұмыс істейді:
ҚР Сыртқы істер министрлігі:
+7 (7172) 72 01 11 (кезекші дипломат: жұмыс күндері 19:00–09:00, демалыс күндері тәулік бойы);
+7 (7172) 72 05 00 (Консулдық қызмет департаменті).
Қазақстанның Ирандағы Елшілігі (Тегеран):
+98 21 2256 5933 (кезекші);
+98 936 208 4672 (ұялы телефон, WhatsApp);
Электрондық пошта: tehran@mfa.kz, kaztehran211@gmail.com.
ҚР Бас консулдығы (Горган):
+98 912 298 0350;
+98 173 252 0443;
+7 701 771 34 01 (WhatsApp);
Электрондық пошта: gorgan@mfa.kz.
ҚР Консулдығы (Бандер-Аббас):
+98 930 298 57 03 (WhatsApp);
Электрондық пошта: kzvisabnd@gmail.com.
