Астана – Қарағанды тасжолында жеті көлік қатысқан ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға бүгін шамамен сағат 11:00-де тасжолдың 147-шақырымында, Ошаганды ауылы маңында болған. Қатты боран мен көрінудің нөлге жуық болуы салдарынан көліктер тізбекті түрде соқтығысқан.
Жол апатына Chevrolet Nexia, Chery Tiggo, Toyota Land Cruiser, жүк көлігі, «ҚазАвтоЖол» компаниясының пикапы және УАЗ Hunter көліктері қатысқан.
Апат салдарынан Toyota Land Cruiser көлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал УАЗ Hunter жүргізушісі ауруханаға жеткізілген, оның нақты диагнозы анықталып жатыр.
Қарағанды облысының полиция департаменті тұрғындарды тағы да ауа райы қолайсыз кезде жолға шықпауға шақырды.
