Романтикалық кездесу сылтауымен: алаяқтық схемасы әшкереленді

Көркем Алдабергенова 10 нау. 2026 15:56

Астанада бір топ қыздар алаяқтық жүйе ұйымдастырып, танысу сайттары арқылы жәбірленушілермен танысып, қарым-қатынасты жалғастыру үшін жалға алынған пәтерде кездесуді ұсынған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кейіннен олар Астана қаласында пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар орналастырып және тартымды интерьердің фотосуреттерін тіркеп, алдағы уақытты бірге өткізу үшін пәтерді бір тәулікке жалға алуды ұсынған.

Олардың әрекеттерінің нәтижесінде 45-тен астам жәбірленуші жалпы сомасы шамамен 620 мың теңгелік қаражатты жалған пәтер үшін аударған.

Ақшалай қаражатты иемденген соң, кінәлі тұлғалар жәбірленушілермен хат алмасуды тоқтатып, олардың нөмірлерін бұғаттап отырған.

Сот үкімімен олардың кінәні мойындауы және материалдық залалды өтеуі ескеріліп, үш қызға 3 жылдан 3 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленіп, мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Үкім заңды күшіне енді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove