Әлеуметтік желіде қолына пышақ ұстаған баланың видеосы тарады. Кадрлардан оның тұрғын үй ауласында жүргені көрінеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Полиция бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіп, бала 7 жаста екенін анықтаған.
Құқық қорғау органдары баланың заңды өкілін оны тиісінше тәрбиелемегені үшін жауапкершілікке тартып, әкімшілік айыппұл салған.
Сонымен қатар, іс материалдары Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жолданған.
