Ағыс алып бара жатқан қызды құтқарған: желіде тарап жатқан видео үш жыл бұрын түсірілген

Сағыныш Сардарова 21 сәу. 2026 13:09

Әлеуметтік желіде Алматыда бапкер Данияр Сафин Үлкен Алматы өзені арнасында ағыс алып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалғаны көрінетін видео қайта тарап жатыр. Бұл - үш жыл бұрын түсірілген видео, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға "Шахристан" тұрғын үй кешені маңында жаттығу кезінде болған еді. Бапкер ағыс алып бара жатқан қызды байқап қалған.

Ойланбастан көмекке ұмтылған ол қатты ағысқа қарамастан суға түскен. Оның айтуынша, сол сәтте ағыс аяғын іліп әкеткенімен, бетон тірекке сүйеніп, әлсіреген қызды судан алып шыққан. Кейін оны қасында жүрген шәкірттеріне табыстаған. Олар қызды қауіпсіз жерге жеткізуге көмектескен болатын. Бапкердің сөзінше, қыз біраз уақыт бойы өздігінен шығуға тырысып, суға батып кете жаздаған.

Айта кетейік, бұл оқиға үш жыл бұрын болған. 2023 жылы 19 маусымда 28 жастағы бокс жаттықтырушысы Данияр Сафин мен оның шәкірттері Назерке Ерікова және Дастан Құрманғали "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove