Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотында Амир Шайкежановке қатысты қылмыстық іс жабық режимде қаралды. Оған жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып зорлау және өзге адамды АИТВ жұқтыру қаупіне әдейі душар ету баптары бойынша айып тағылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың наурыз айында Шайкежанов пен оның қызметкері, трансгендер тұлға Елисей бірге белгілі бір зат қолданған. Тергеу нұсқасы бойынша, айыпталушы оны жәбірленушіні дәрменсіз күйге түсіру мақсатында берген. Осыдан кейін ол жәбірленушінің еркінен тыс интимдік қатынасқа түскен. Сонымен қатар, өзінің АИТВ жұқтырғанын білгені айтылды.
Айыпталушының қорғаушылары интимдік қатынас екі жақтың келісімімен болғанын, сондай-ақ оның АИТВ-статусын жасырмағанын алға тартты.
Сотталушы кінәсін мойындамады. Ал жәбірленуші оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Прокурор қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша 5 жыл 4 ай мерзім сұрады.
Қылмыстық кодекстің 118-бабы 1-бөлігі бойынша мерзімнің өтуіне байланысты Шайкежанов қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Осыған байланысты оған тек зорлау бабы бойынша үкім шығарылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
