Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін жауапкершілік барын еске салды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген.
"Жарылғыш зат қойылғаны немесе өзге де қауіптер туралы жалған ақпаратты байланыс құралдары, интернет ресурстар, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы тарату тіркеліп отыр. Мұндай әрекеттер әзіл, қалжың ретінде жасалса да, қылмыстық құқықбұзушылық ретінде бағаланады", - деді ІІМ өкілі.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, жаппай эвакуацияға, мемлекеттік органдардың, білім беру, медициналық және басқа да әлеуметтік нысандардың жұмысы тоқтауына әкеледі. Бұл қылмысты жасағаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.
Полиция азаматтарды:
- тексерілмеген ақпаратты таратпауға;
- жалған шақырулар мен хабарламалар жасамауға,
- балаларға терроризм актісі туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік бар екенін түсіндіруге;
- мұндай хабарламалар алған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырады.
