Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA-500 санатындағы беделді жарыстың чемпионы атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші чехиялық Каролина Муховаға қарсы ойнады. Бірінші сетте тартыс жоғары деңгейде өрбіп, Рыбакина 7:5 есебімен басым түсті. Ал екінші партияда ол қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 6:1 есебімен айқын басымдық танытты. Кездесу жалпы 1 сағат 18 минутқа созылды.
Жеңісінің арқасында Рыбакина 161 310 еуро көлемінде сыйақы алып, әлемдік рейтингтегі қоржынына 500 ұпай қосты. Сонымен қатар турнир демеушілері тарапынан спорттық автокөлікке ие болды.
