Астанада жеке жер телімі рұқсатсыз қоқыс алаңына айналған

Қаракөз Амантай 20 сәу. 2026 10:51

Астанадағы жеке жер телімінің иесі өз учаскесінің қоқыс төгілетін орынға айналғанын айтып, шағымданды. Оның сөзінше, қала ішіндегі, газ қондырғылары орналасқан аумақтағы жерге рұқсатсыз қоқыс төгіле бастаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Иесінің айтуынша, бұл әрекет оның келісімінсіз жасалған. Ал кей мәліметтерде қоқыс төгуге әкімдік тарапынан келісім берілуі мүмкін деген болжам бар.

Әлеуметтік желіде тараған видеода автор жағдайды ашына жеткізді.

"Астананың қақ ортасы ғой. Газ аппаратурасы тұрған жердің өзі қоқыс алаңына айналып кетіпті. Қасында университет, өткелдер бар", – дейді ол.

Қала тұрғындары мұндай көрініс елорда келбетіне сын екенін айтып, жауапты мекемелерден нақты шара қабылдауды талап етті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove