Күзде саяси өзгерістеп көп болады

Жәнібек Қожық 18 нау. 2026 09:20

Баяғының үлкендері жұлдыздарға қарап, ертеңгі ауа райын болжап, жастарды көріп, сол елдің болашағы туралы сөз айтады екен.

«Үш күндігін ойламаған әйелден, үш жылдығын ойламаған еркектен без» дейді екен бұрынғылар.

Қазіргі елде болып жатқан саяси оқиғаларды саралап, қазіргі жағдайды бағалап, болашақты болмаса да биылғы жағдайға болжам жасап көрейік.

Әрине, мен болашақты болжайтын көріпкел, бал ашатын құмалақшы да емеспін, ауылдағы қарапайым көп қазақтың бірімін, сондықтан да қате болуы әбден мүмкін.

Сонымен, елді шулатқан референдум да болып өтті. Жаңа Конституция қабылданды. Сайлаудың қалай өткені елге мәлім… Жаңа Конституция 1 шілдеде күшіне енеді. Парламент пен Сенат тарайды. Оның орнына күзде сайлау болып, Құрылтай депутаттары сайланады. Ол сайлаудың да қалай өтетінін жақсы білесіздер…

Вице-президент кім болады?

Қазір қоғамда «Вице-президент кім болады?» деген сұрақ жиі қойылады.

Әр саясаткер өз болжамын айтып отыр.
Бұл – президенттен кейінгі екінші адам. Былай айтқанда, президент қызметтен кеткенде, жаңадан сайлау өткенше ел басшысы болатын, келесі президент болуы мүмкін адам.
Сондықтан да президент өзіне ең сенімді адамды қояды.

Менің саяси болжамым бойынша,вице-президент Мәулен Әшімбаев болуы мүмкін.
Себебі қазір де сол орында отырған кадр.
Назарбаев та орнына Сенат төрағасын қалдырды. Көрші елдерде Мәуленге қарсы бола қоймас деп санаймын.

Құрылтай төрағасы кім болады?

Парламент таратылып, орнына Құрылтай келеді.
Құрылтай депутаттары тек партиялар ұсынған адамдар болады.
Менің ойымша, Құрылтай төрағасы Ерлан Карин сайланады.
Ерлан Тынымбайұлы Тоқаев президент болып сайланғаннан бері кеңесшісі, әрі сенімді серігі болып келе жатқан досы.
Сондықтан да Ерланды жұмыссыз қалдырмайды.

Үкімет басшысы кім болады?

Құрылтай сайлауы өткеннен кейін, қазіргі Олжас Бектенов басқаратын Үкімет тарайды.
Үкімет басшысына қазіргі Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты ұсынады.
Әрине, бұл қызмет Ерланның қолынан келеді деп санаймын.
Себебі, барлық салада жұмыс жасаған тәжірибесі мол кадр.

БҰҰ Бас хатшысы кім болады?

Биыл күзде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының сайлауы болады.
Бас хатшыны сайлауда негізгі бес мемлекеттің ықпалы зор болады.
Олар: АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Ұлыбритания.
БҰҰ Бас Ассамблеясы бекітеді.
Жаңадан сайланған БҰҰ Бас хатшы 2027 жылғы 1 қаңтарда жұмысқа кіріседі.

Менің ойымша, БҰҰ Бас хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаев болуы мүмкін.
Тоқаевты бұл қызметке АҚШ президенті Д. Трамп ұсынады.
Себебі, соңғы кездері Трамп Тоқаевты бекер мақтап жүрген жоқ шығар.
Ең бастысы, Қ. Тоқаев – кәсіби дипломат, бірнеше тілде еркін сөйлейді.
БҰҰ жүйесінде жұмыс жасаған тәжірибесі жеткілікті.
Әрі халықаралық деңгейде танымал тұлға. Тоқаевтың кандидатурасын Қытай мен Ресей қуана қолдайды, Франция мен Ұлыбритания да қарсы болмауы керек.
Әрине, әлемдегі аумалы-төкпелі заманда олай болмауы да мүмкін.
Мүмкін, БҰҰ Бас хатшысы әйел адам болуы да мүмкін деген болжам бар.
Олай болса, Тоқаев 2029 жылға дейін отырады.
Сонымен, сіздің ойыңызша келесі президент кім болуы мүмкін?
Құрметті менің көзі ашық, көкірегі ояу оқырмандарым, сіздер бұл болжамға не дейсіздер?

Авторы: Жәнібек Қожық


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove