Қазақстан Жазушылар одағын ұзақ жылдар басқарған Нұрлан Оразалин Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне не себепті қатыспағанын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қазаның қайырын берсін! Ағамыздың рухы пейіш төрінде шалқысын! Сырқаттанып қалып, бара алмадым", – деді Нұрлан Оразалин.
Еске салайық, бүгін Алматы жұртшылығы Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында өтті. Қаралы жиында зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, Қырғызстан делегациясы және қарапайым халық жиналды.
Жиынды Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов жүргізді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жеткізді. Хатта Мұхтар Шахановтың қазақ поэзиясы мен ұлттық руханиятқа қосқан зор үлесі атап өтілді.
Сонымен қатар Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне Премьер-министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.
Мұхтар Шахановтың денесін Түркістанға чартермен алып кетті. Бұл туралы депутат Қазыбек Иса хабарлады.
"Ақиық ақын Мұқтар Шаханұлы ағамызды арнайы чартер ұшақпен алып кетіп барамыз киелі Отырар, қасиетті Аарыстанбап еліне. Алматы қимай шығарып салды", - дейді депутат.
