Майқайыңда алты жастағы қыз анасының мумияланған мәйітімен бірге тұрған

Көркем Алдабергенова 06 сәу. 2026 17:08

Павлодар облысына қарасты Майқайың кентінде ақпан айында екі мумияланған мәйіт табылған, деп хабарлайды Dalanews.kz Ирбис TV-ға сілтеме жасап.

Олардың бірі – алты жастағы қыздың анасының денесі болуы мүмкін. Тергеу мәліметінше, бала мен оның әжесі ұзақ уақыт бойы бір үйде осы мәйітпен бірге тұрған. Ал сол аумақтағы басқа үйден қыздың атасының денесі табылған.

Аталған факті бойынша екі баппен қылмыстық іс қозғалды: «Алаяқтық» және «Қайтыс болған адамдардың мәйіттерін қорлау».

Екі әйел психиатриялық диспансерге орналастырылды. Ал алты жастағы қыз Екібастұз қаласындағы балаларға арналған мемлекеттік мекемеге тапсырылды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove