Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауылында кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде үш адам газдан уланды, деп хабарлайды Dala News.
ТЖМ мәліметінше оқиға орнына алғаш болып Глубокое ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Константин Боровиков пен аудан әкімдігі аппаратының ТЖ және азаматтық қорғау саласы бойынша бас маманы Темірлан Кеңесқанов жеткен. Олар құдықтан екі зардап шеккен адамды шығарып алған.
Тағы бір жұмысшы өздігінен сыртқа шығып, құтқарушыларды шақырған.
Зардап шеккендердің барлығы медициналық көмек көрсету үшін аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.
