Атырауда мектеп жанында жеті жастағы қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
6 сәуірде сағат 07:45 шамасында жаяу жүргіншіні көлік қаққан. Алдын ала мәлімет бойынша 1974 жылы туған жүргізуші тізгіндеген Toyota Hiace көлігі жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 2018 жылы туған оқушыны қағып кеткен.
"Бала оқиға орнында көз жұмды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе, жаяу жүргіншілер өткелінде жылдамдықты төмендетіп, мұқият болуға шақырды.
