Қазақстан мұнайы тасымалданатын КҚК терминалы дрон шабуылының астында қалды: министрлік не дейді?

Сағыныш Сардарова 06 сәу. 2026 15:04

Қазақстан мұнайы тасымалданатын КҚК терминалы дрон шабуылының астында қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Энергетика министрлігі 5 сәуірде Новороссийск портында болған оқыс оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады.

"Қолда бар ақпаратқа сәйкес бұл жағдай қазақстандық мұнай экспортының көлеміне әсер еткен жоқ. Қазір шикізатты магистральдық мұнай құбырлары арқылы қабылдау және тасымалдау штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Экспорт жоспары кестеге сай орындалады", - деді министрдің кеңесшісі - Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева.

Еске салайық, бұған дейін Новороссийскіде ұшқышсыз аппараттардың ауқымды шабуылы болды. Жергілікті билік мәліметінше, салдарынан сегіз адам зардап шеккен, олардың екеуі - бала. Барлығы ауруханаға жеткізілген.

"Шесхарис" Ресейдің оңтүстігіндегі мұнай тиеу бағытындағы маңызды терминалдардың бірі саналады. Бұл порт арқылы қазақстандық мұнайдың да бір бөлігі өтеді, алайда негізгі көлемі жақын маңдағы Каспий құбыр консорциумы терминалы арқылы экспортталады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove