Оңтүстік Кореяда қаза тапқан қазақстандықтың сүйегі табылды

Қаракөз Амантай 10 нау. 2026 17:43

Оңтүстік Кореяда зауыттағы өрттен қаза тапқан Қазақстан азаматының денесі табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев марқұмның сүйегі сараптамаға жіберілгенін мәлімдеді.

Дипломаттың сөзінше, корей тарапының ресми қорытындысы алынғаннан кейін марқұмның туыстарына бірден хабар беріледі.

Еске салайық, өрт 30 қаңтар күні Оңтүстік Кореяның Солтүстік Чхунчхон провинциясы аумағында орналасқан дымқыл майлықтар мен жөргектер шығаратын кәсіпорында болған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove