Астананың орталығында дәрет сындырған екі қытайлыққа Қазақстанға кіруге тыйым салынды

Көркем Алдабергенова 10 нау. 2026 16:56

Астананың орталығында қоғамдық орында дәрет сындырған шетел азаматтарына Қазақстан аумағына бес жылға кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерде Астанадағы Достық көшесіндегі мекемелердің бірінің маңында түсірілген видео тарады. Кадрларда шетелдік азаматтың күндізгі уақытта қоғамдық орында табиғи қажеттілігін өтеп тұрғаны көрінеді.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылардың жеке басын анықтады. Олар 35 және 49 жастағы екі шетел азаматы болып шыққан.

Алайда олардың тұлғасы анықталған кезде аталған азаматтар Қазақстан аумағынан шығып үлгерген.

Соған қарамастан полиция кінәлі тұлғаларға қатысты Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге тыйым салу туралы шешім қабылдады.

Аталған дерек бойынша Ішкі істер министрлігі Сыртқы істер министрлігін хабардар еткен. Бұл тиісті шектеу шараларын қолдану үшін жасалған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove