Германияда тұратын қазақстандық әйел Алматы мен Германиядағы азық-түлік бағасын салыстырып, күтпеген нәтижеге тап болған. Оның айтуынша, көптеген базалық тауар Қазақстанда қымбатырақ болып шыққан, деп хабарлайды Dalanews.kz Finratings басылымына сілтеме жасап.
Салыстыру Гамбург қаласындағы Rewe дүкені мен Алматыдағы Magnum супермаркеті арасында жүргізілген. Әңгіме деликатестер туралы емес, күнделікті тұтынатын қарапайым өнімдер жайында болған.
Қазақстанда қымбат болған өнімдер
Баға айырмашылығы әсіресе негізгі азық-түліктерде айқын байқалады:
• Қызанақ: Алматыда – 3,35 еуро, Германияда – 1,99 еуро
• Ұн: 1,06 еуро vs 0,59 еуро
• Сүт: 1,54 еуро vs 0,95 еуро
• Банан: 2,16 еуро vs 1,29 еуро
Сонымен қатар:
• Қант: 1,13 еуро vs 0,99 еуро
• Қоюлатылған сүт: 2,80 еуро vs 1,79 еуро
• Балқытылған ірімшік: 2,60 еуро vs 1,59 еуро
• Merci кәмпиттері: Алматыда – 13,73 еуро, Германияда – 8,49 еуро 
Қазақстанда арзанырақ өнімдер де бар
Дегенмен барлық өнім қымбат емес. Кейбір тауарлар Қазақстанда арзанырақ:
• Картоп – Германияға қарағанда шамамен екі есе арзан
• Тауық еті (филе): 4,40 еуро vs 11,32 еуро
• Күнбағыс майы да сәл арзанырақ 
Толық өмір сүру құнын ескеру керек
Автор тек азық-түлік бағасына қарап қорытынды жасау дұрыс емес екенін атап өткен. Себебі өмір сүру құнына:
• жалдау ақысы
• сақтандыру
• көлік шығындары сияқты басқа да факторлар әсер етеді. 
