Жүргізушілерге құлаққағыс: Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты

Сағыныш Сардарова 06 сәу. 2026 13:02

Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл - патрульдік полиция қызметкерлерінің азаматтық киімде, арнайы белгілері жоқ көліктермен жалпы көліктермен бірге қозғалып, қызмет атқаруын білдіреді.

Негізгі мақсат - жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтау. Олардың қатарында күрт жолақ ауыстыру, "шахмат" тәсілімен жүру, басқа көліктерді қысып өту және жол апаты жағдайын туындату секілді қауіпті әрекеттер бар.

"Жасырын патрульдер ақпаратты нақты уақыт режимінде жақын маңдағы патрульдік полиция экипаждарына жолдайды. Кейін сол экипаждар көлікті тоқтатып, жүргізушіні заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартады. Бұл тәжірибе өзінің тиімділігін көрсетті. Өткен демалыс күндерінің өзінде Алматы қаласында 28 дерек анықталды. Барлық құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды", – деді ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove