Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты: 5 адам қаза тапты

Самал Асқар 17 нау. 2026 21:35

Ақтөбе облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тауып, бір адам ауыр жағдайда комаға түсті, деп хабарлайды Dala News.

Қайғылы оқиға Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді маңында болған. Полиция мәліметінше, тас жолда «ВАЗ» бен «DAF» көліктері соқтығысқан.

Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр - ол комада жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасы науқасқа көмек көрсету үшін санитарлық авиация мамандары тартылатынын хабарлады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove