Алматы халқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты әуежайдан күтіп алды

Dalanews 28 февр. 2026 05:16

28 ақпанға қараған түні Алматы халықаралық әуежайы-нда Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz

Әуежайда спортшыны жанкүйерлер, журналистер мен қала тұрғындары күтіп алды. Қарсы алу кезінде түрлі қошеметтер мен құттықтау сөздер айтылып, әуен шырқалды. Қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды.

Салтанатты жиын барысында чемпионға ерекше сый табысталды. Қазақстандық суретші Ассоль оның портреті бейнеленген кілемді тарту етті. Автордың айтуынша, туынды ерекше тәсілмен – коньки көмегімен орындалған. Желіде тараған бейнежазбада суретшінің портретті мұз үстінде салып жатқан сәті көрсетілген.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров – халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғап, Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен спортшы.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove