16 мың гектар жер инвесторға қайтарылды

Самал Асқар 31 нау. 2026 17:32

Ақмола облысында инвестордан 16 мың гектар жерді алып қою әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Dala News.

Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті экотуризм жобасын жүзеге асырып жатқан компанияның құқығын қорғап шықты. Жоба аясында Қазақстанға бизондар әкелініп, Қызыл кітапқа енген Пржевальский жылқыларын қайта көбейту және жылқы шаруашылығын дамыту жоспарланған.

Бұған дейін Жер ресурстарын басқару департаменті жер учаскесі мақсатты пайдаланылмады деген негізбен сотқа жүгінген. Бірінші сатыдағы сот талапты қанағаттандырған.

Алайда прокуратура бұл заңбұзушылықтардың формальды екенін анықтап, мұндай қатаң шара қолданудың негізсіз екенін атап өтті. Пропорционалдылық қағидаты ескеріліп, инвестордың мүддесі қорғалды.

Нәтижесінде департамент талаптан бас тартып, апелляциялық сот бірінші шешімді жойды. Инвесторға жобаны жалғастыруға мүмкіндік берілді.

Бұл шешім өңірдегі ірі инвестициялық жобаның сақталуына және экотуризмнің дамуына жол ашты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove