Алматы – Өскемен тасжолының бір бөлігі жөнделеді

Самал Асқар 31 нау. 2026 18:17

«Алматы – Өскемен» республикалық тасжолының 213–234 шақырым аралығында жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Dala News.

Жоба Алматы мен Жетісу облыстарын жалғайтын маңызды бағытты қамтиды. Жөндеу барысында жол жабыны толық жаңартылып, қауіпсіздік талаптарына сай инфрақұрылым орнатылады.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, аталған учаскеде жолдың үстіңгі қабаты жаңартылып, жаңа жол белгілері мен таңбалар қойылады.

Нұрқат Ақылтаевтың айтуынша, бұл бағытта тек осы учаске емес, Талдықорғанға дейінгі аралықта да орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жолдың беткі қабаты шамамен 5 сантиметрге дейін жаңартылып, термопластик арқылы жол сызықтары қайта салынады.

Жауаптылардың сөзінше, бұл жұмыстар жол қауіпсіздігін арттырып, жүргізушілер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove