2025 жылы Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны айтарлықтай өсті. Сарапшылардың мәліметінше, бір жыл ішінде елде 140 мыңға жуық жол апаты болған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 10 мыңға көп, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ресми дерекке сәйкес, оның ішінде 36 146 ЖКО тіркелген, яғни өсім 14,4%-ды құраған. Жол апаттары салдарынан 51 мыңнан астам адам зардап шеккен.
Сарапшылар апат санының артуын автокөлік санының көбеюімен байланыстырады. Қазір Қазақстанда тіркелген көлік саны 5,8 млн-ға жеткен.
Жалпы алғанда, есеп бойынша елде әрбір 20-шы көлік жылына кемінде бір рет жол апатына ұшырайды.
