ЕҰУ айналасында дерек дауы: түлектер шағымдануда

Самал Асқар 31 нау. 2026 20:39

Еуразия ұлттық университетінің түлектері жеке деректердің таралуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dala News.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, бұрынғы студенттерге өзін университет ректоры ретінде таныстырған алаяқтар хабарласа бастаған. Олар жалған құжаттар мен мөрлерді пайдаланып, сенімге кіруге тырысқан.

Түлектердің айтуынша, мұндай хабарламалар бірнеше адамға бірдей келген. Бұл жағдай деректердің сыртқа шыққаны туралы күдік тудырған.

Алайда университет өкілдері жеке мәліметтердің таралғанын жоққа шығарды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл жағдай бақылауға алынғанын айтып, тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді. Ал Цифрлық даму министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетіне ресми сұрау жолдаған.

Қазіргі уақытта мән-жайды анықтау жұмыстары жалғасуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove