Ораз Жандосов ForteBank-тің тәуелсіз директоры болды

Көркем Алдабергенова 21 сәу. 2026 12:33

Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы, экс-вице-премьер Ораз Жандосов ForteBank-тің директорлар кеңесіне тәуелсіз директор ретінде сайланды. Мұндай шешім банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында қабылданды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ораз Жандосовтың директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттік мерзімі банктің директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімімен бірге аяқталады. Яғни, бұл мерзім 2028 жылы өтетін акционерлердің жылдық жалпы жиналысына дейін жалғасады.

Ораз Жандосов кім?

Ораз Жандосов әр жылдары Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы, премьер-министрдің бірінші орынбасары және орынбасары қызметтерін атқарған. 2000 жылдардың басында электр желілерін басқару жөніндегі ұлттық компания – KEGOC-ты басқарды.

Қазіргі таңда ол «Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып табылады.

Forbes Kazakhstan мәліметінше, оның активтері қатарында Eneverse KunKuat күн электр станциясы мен Turan Wind Energy компаниясы бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove