18 сәуірде Алматыда ауқымды Kia Family Day фестивалі өтті. Бұл шара Kia автокөлік иелерімен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған үлкен мерекеге айналды. Іс-шараға шамамен 10 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Aport Mall East алаңында жиналған қонақтар үшін Allur құрамындағы Kia бренді өкілдері арнайы тегін диагностика ұйымдастырды. Оған ТМД елдері мен Кореядан келген үздік мамандар қатысты. Нәтижесінде 150-ден астам көлік тексеруден өтті.

Сонымен қатар қонақтарға Kia модельдерінің тест-драйвы, фирмалық сыйлықтар, дәм-тағамдар, балаларға арналған ойын-сауық және Raim мен Ерке Есмаханның концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Kia Family Day – бүкіл Қазақстан бойынша үш аптаға созылған Kia Service Weeks сервистік науқанының қорытындысы. Пайдаланылғанына екі жылдан асқан және жүрісі 30 мың км-ден асатын Kia автокөліктерінің иелері дилерлік орталықтарға шақырылып, күрделі ақауларды қоса қамтитын тегін кешенді диагностикадан өтті. Жөндеу жұмыстарын дилерде арнайы бағамен жүргізу мүмкіндігі қарастырылды.

Іс-шараны ұсынылатын TotalEnergies мотор майы мен S-Oil трансмиссиялық майы қолдады.




