Астанада LRT жуырда іске қосылуы мүмкін

Сағыныш Сардарова 21 сәу. 2026 15:25

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы жеңіл рельсті көлік жақын апталарда іске қосылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, нақты ашылу күні әзірге белгіленбеген, алайда іске қосар алдында шағын пресс-тур ұйымдастыру жоспарланған.

Әкімнің айтуынша, барлық сынақ сәтті өткен. Қазір 18 пойыз толық жұмысқа дайын. Қозғалыс аралығы - шамамен 3,5 минут, ал жылдамдығы басқа қоғамдық көліктерге қарағанда екі есе жоғары.

Сондай-ақ, негізгі станциялар дайын: "Абу-Даби Плаза", "Ботаникалық бақ", "Астана Арена", Mega, "Әуежай" және жаңа вокзал.

Қазір станциялар маңын абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Жаз соңына дейін LRT желісі бойындағы аумақ толық ретке келтіріліп, асфальт төселіп, жаяу жүргіншілерге ыңғайлы етіп жасалмақ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove