Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы мерзімі қысқаруы мүмкін

Самал Асқар 21 сәу. 2026 14:28

Қазақстанда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін қысқарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Dala News.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев жәрдемақы төлеу мерзімін алты айдан төрт айға дейін азайту ұсынылып жатқанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл өзгерістер заңсыз схемалардың алдын алу және әлеуметтік масылдықты азайту мақсатында енгізілмек.

Жаңа тәртіпке сәйкес, жәрдемақы алушыларға осы кезеңде бос жұмыс орындары ұсынылады. Егер азамат ұсынылған үшінші жұмыстан бас тартса, төлем тоқтатылады.

Сонымен қатар ведомство өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың мәртебесін нақтылауды жоспарлап отыр. Оларға ресми жұмысқа орналасу немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелу ұсынылады.

Министрлік бұл шаралар еңбек нарығын реттеуге және халықты тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталғанын атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove