Қазақстанда инвестиция көлемі өсті, бірақ бюджет қаржысы күрт қысқарды

Көркем Алдабергенова 21 сәу. 2026 12:01

Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция 3,4 трлн теңгеден асты, бюджет қаржысы екі есеге жуық қысқарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3 463 млрд теңгені құрады. Бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға артық.

Инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі ретінде кәсіпорындардың өз қаражаты басым болып отыр. 2026 жылдың алғашқы үш айында олардың көлемі 2 432,2 млрд теңгеге жетіп, жалпы инвестицияның 70,2%-ын құрады.

Ал бюджет қаражатының үлесі 10,9% болды. Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 46,3%-ға төмендеп, екі есеге жуық қысқарған.

Сонымен қатар, банк секторының нақты экономикаға инвестиция салудағы үлесі жалпы көлемнің 7,8%-ын ғана құрайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove